Лабораторлық жұмыс №6.

Тақырыбы: Файлдарды сақтау.    

Мақсаты:  Құралдар мен тіктөртбұрыш аймағымен жұмыс жасауды үйрету.

 

Тапсырмалар: Adobe Photoshop программасында жұмысты ұйымдастыру.

Бейнелермен  жасалатын  операциялардың  барлығы  палитралар  көмегімен  іске  асады. Олардық  барлық  саны 15. Бірге  қолданылатын  палитралар  «бір  шатырдың астында»  орналасады.

«Слой»  палитрасы қабаттарды құру, көшіру, біріктіру   және  өшіру  үшін, сондай-ақ  қабат-маскаларды  құру  үшін  қолданылады.   Сонымен  қатар, аталған  палитраның  көмегімен  жеке  қабаттармен  жұмыс  істеуді  қамтамыз  етеді (Сурет 4 қараңыз).

 

Сурет 4. «Слои»  палитрасы

 

«Каналы»  палитрасы каналдарды  кұру, нақтылы  көшірмесін  алу  және  өшіру  үшін, олардың  парметрлерін  анықтау  үшін, каналдарды  жеке  құжаттарға  түрлендіру  үшін, сондай-ақ  каналдарды  біріктіру  және  біріккен  көріністі  алу  үшін  қолданылады. «Каналы»  палитрасы  экрандағы  каналдар  бейнелерін көрінетін  және  көрінбейтін  бөліктер  ретінде басқаруға  мүмкіндік  береді (Сурет 5 қараңыз).  

 

Сурет 5.  «Каналы»  палитрасы 

 

«Пути»  палитрасының  көмегімен   қолданыста  болған  суреттердің  сақталған  жолдарын, жұмыс  жасалған  жолын  және  ағымдағы  весторлық  маскасын  анықтауға  болады. Суретті  өзгеткен  сайын  палитрада  жолдар  саны  көбейе  түседі.

«История» палитрасы  ағымдағы  суретпен  жасалған  іс-қимылдардың  барлығын  тізімдеп  отырады. Аталған  палитра  20-дай  өзгерістерді  сақтай  алады. (АР)  программасынан  щыққан  жағдайда  палитра  сақтаған  сурет  жағдайлары  өшіп кетеді (Сурет 6).

 

Сурет 6. «История»  палитрасы

 

«Действия»  палитрасы  жекелеген  қимылдарды  ойнату, жазу, өңдеу  және  өшіру  үшін   қолданылады. Сондай-ақ, каталогтағы  бар  қимылдары  бар  файлдарды  ашуға  және  сақтауға  мүмкіндік  береді (Сурет 7).  

 

Сурет  7. «Действия» палитрасы

 

«Цвет»  палитрасы  көмегімен қолданушыға түстерді  таңдау  мүмкіндігі  беріледі. Бұл  палитраның  көмегімен  алдыңғы  және  артқы  қатарлы  суреттердің  ағымдағы  түстерінің  мәндерін  анықтауға  болады. Жылжытқыштардың  көмегімен  түстердің  мәнін  өзгерту  мүмкіндігі  берілген (Сурет 8).

 

Сурет 8. «Цвет»  палитрасы

 

«Стили» плитрасының  көмегімен  өзіңіз қалаған  стильді  таңдап  алып, құжатыңызды  толтыруға  мүмкіндік  беріледі (Сурет 9).

 

Сурет 9. «Стили» палитрасы

 

«Навигатор» палитрасы  ағымдағы  суреттің  бейнесін  кескіндейді. Палитраның  суретті  ұлғайту, масштабын  бейнелеу  мүмкіндіктері  бар (Сурет 10).

Сурет 10. «Навигатор» палитрасы

 

«Инфо»  палитрасы  ағымдағы  құрал  жайлы  ақпаратты  және  курсор  тұрған  жердегі  түстік  координаталар  жайлы  ақпаратты қамтиды (Сурет 11).

Сурет 11. «Инфо» палитрасы

 

Суретті  салуда  және  өңдеуде  қолданылатын  қылқаламдар  тізімі «Кисти»  палитрасында  көрсетілген. Үнсіз  үйлесім  бойынша  сізге  домалақ  қылқаламның  бірнеше  түрі  ұсынылады,  осы  ретте Adobe Photoshop  программасы қылқалам  сипаттамаларын  әр құрал  үшін  жеке  сақтайды (Сурет 12).   

 

Сурет 12. «Кисти» палитрасы

 

Әдебиеті:

1 Компьютерная графика. С.В. Глушаков, Г. А. Кнабе. Харьков «Фолио»

   Москва «АСТ», 2001.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Құралдар дегеніміз не?

2. Тіктөртбұрыш аймағымен орындалатын амалдарды атаңыз.

3. «Кисти» палитрасының қызметі.